Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14 тамыздан бастап "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014996 (MFAFb10) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 14.08.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 12 тамызында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014996 (MFAFb10; $100, $3,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар"санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 14 тамызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-08-14]