30 шілдеден бастап "Скулбас" ЖШС KZ2P00014798 (SCLBb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 30.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 29 шілдесінде "Скулбас" ЖШС (Астана) KZ2P00014798 (SCLBb2; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 30 шілдесінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 10 қаңтарында 5,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Скулбас" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.
" Скулбас" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-07-30]