KZ
27 шілде 2025, 12:14
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.07.2025 14:52 #Қаржы құралдары

24 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00013998 (MFRFb18) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 шілдесінен бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00013998 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb18; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.07.25-22.07.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-23]