KZ
27 шілде 2025, 12:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.07.2025 11:11 #Қаржы құралдары

23 шілдеден бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 23.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 21 шілдесінде "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің келесі облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00014491 (MFSLb11; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 1,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360);

2) KZ2P00014566 (MFSLb12; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360);

3) KZ2P00014574 (MFSLb13; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2,5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 шілдесінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 100,0 млрд теңге сомасына 2024 жылдың 19 шілдесінде тіркелген "Сейф–Ломбард" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бесінші-жетінші болып табылады.

"Сейф-Ломбард" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-23]