09 шілдеде KASE-де Еуразия даму банкінің 500,0 млн дана KZ2D00014701 (EABRb54) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 04.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 09 шілдеде KASE-нің сауда-саттық жүйесінде Еуразия даму банкінің (Алматы) KZ2D00014701 ("Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, HCBNb19) облигацияларын төмендегі талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
---------------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2D00014701 KASE сауда-саттық коды: EABRb54 Номиналды құны, юань: 1,00 Шығарылым көлемі, юань: – тіркелген: 1 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыс басталған күн: Облигация орналастыру үшін жүргізілген бірінші сауда-саттық өткізілетін күн Айналыста болатын соңғы күн: кейінірек белгіленеді Өтеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді Айналыс мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купондық мөлшерлеме: құбылмалы – үш айлық Shibor мөлшерлемесі + маржа 179 б.п Купон төленетін кезең: жылына 4 рет Купон төлеу басталатын күн: кейінірек белгіленеді Уақыттық базасы: actual / 365 --------------------------------------------- ------------------------------------------ Сауда-саттық өткізілетін күн: 09.07.25 Жарияланған орналастыру көлемі, юань: 500 000 000 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 15:00–16:00 Өтінімді растау уақыты: 15:00–16:30 Кесім уақыты: 17:00 (Т+0) Төлем жасалатын күн және уақыт: 09.07.25, 17:00 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесім бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты бір баға бойынша бөліп жіктеу; шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Берілген кезегіне байланысты шектелімді қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: Еуразия даму банкі ----------------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде үтірден кейінгі төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнының пайызы түрінде көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот мөлшеріне тең немесе оған есе болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған пайызды есепке ала отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс.
Сауда көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың табыстылығын және облигациялармен жасалатын мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысуды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тағы шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға төлем жасау үшін кестеде көрсетілген ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтiнiм бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы облигацияларды шығару туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-07-04]