"ҚазТрансОйл" АҚ жер қойнауын пайдаланушылар үшін Oil Transportation Management – KazTransOil – "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы хабарлайды
/KASE, 25.06.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
1 шілде 2025 жыл
"ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалы бойынша клиенттермен өзара іс- қимылды "бірыңғай терезе" қағидаты негізінде жүзеге асыруға арналған Oil Transportation Management — KazTransOil (OTM-KTO) жаңа ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізді. Цифрлық платформа "ҚазТрансОйл" АҚ-ның мұнай құбырлары жүйесі арқылы қызмет көрсету үдерістерін, сондай-ақ "МұнайТас" СБҚК ЖШС және "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды ұйымдастыру үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – мұнай тасымалы бойынша қызмет көрсетуге қатысты құжаттық рәсімдерді, өтінім беруден бастап маршруттық тапсырмаға дейінгі барлық үдерісті онлайн форматта автоматтандыру және жеңілдету.
Цифрлық шешімнің негізгі мүмкіндіктері:
- құжаттарды ресімдеу, тапсыру және өңдеу уақытының қысқаруы;
- өтінімдер мен төлемдердің мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігі;
- адами фактордың әсерін азайту;
- өзара іс-қимылдың барлық кезеңіне арналған бірыңғай цифрлық интерфейс.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-07-01]