KZ
2 шілде 2025, 03:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.07.2025 15:20 #Сауда-саттық ақпараты

02 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00013139 (MFBLb5) облигацияларына жазылу жүргізіледі.

/KASE, 01.07.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2025 жылдың 02 шілдесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00013139 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb5) облигацияларын төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "BCC Invest" АҚ – "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.

------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                     купондық облигациялар
ISIN:                                        KZ2P00013139         
KASE сауда-саттық коды:                      MFBLb5               
Номиналды құны, теңге:                       1 000                
Шығарылым көлемі, теңге:                                          
– тіркелген:                                 1 000 000 000        
– орналастырылған (номинал бойынша):         300 000 000          
Айналымны басталу күні:                      19.06.25             
Айналымн соңғы күні:                         18.06.28             
Өтеудің басталу күні:                        19.06.28             
Өтінім беру мерзімі:                         3 жыл (1 080 күн)    
Купондық ставка:                             жылдық 21,00 %       
Купондарды төлеу мерзімділігі:               жылына 4 рет         
Купонды төлеудің басталу күндері:            кейінірек анықталады 
Уақыттық база:                               30 / 360             
-------------------------------------------- ---------------------
Жазылу күні:                                 02.07.25             
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге:      300 000 000          
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 10:00–13:00          
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            02.07.25, 15:00      
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 02.07.25, 15:00      
------------------------------------------------------------------

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-07-01]