KZ
26 маусым 2025, 10:14
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.06.2025 09:01 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00013139 (MFBLb5) облигацияларына жазылым жүргізіледі

/KASE, 25.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00013139 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb5) облигацияларына төменде келтірілген шарттарда жазылу арқылы (Астана қ.уақыты) бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.

--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                     KZ2P00013139                       
ISIN:                                        MFBLb5                             
KASE сауда-саттық коды:                      1 000                              
Номиналды құны, АҚШ доллары:                                                    
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:               1 000 000 000                      
– тіркелген:                                 300 000 000                        
– орналастырылған (номинал бойынша):         19.06.25                           
Айналымның басталу күні:                     18.06.28                           
Айналымның соңғы күні:                       19.06.28                           
Өтеудің басталу күні:                        KZ2P00013139                       
Айналым мерзімі:                             3 жыл (1 080 дней)                 
Купондық ставка:                             жылдық 21,00 %                     
Купондарды төлеу мерзімділігі:               жылына 4 рет                       
Купонды төлеудің басталу күндері:            жыл сайын 19 наурызда, 19 маусымда,
                                             19 қыркүйекте және 19 желтоқсанда  
Уақытша база:                                30 / 360                           
-------------------------------------------- -----------------------------------
Жазылым күні:                                25.06.25                           
Орналастырудың номиналды көлемі,             300 000 000                        
АҚШ доллары:                                                                    
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді                         
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 10:00–13:00                        
Бір облигацияның бағасы, АҚШ доллары         25.06.25, 15:00                    
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            25.06.25, 15:00                    
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 10:00–13:00                        
--------------------------------------------------------------------------------

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:

1)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2)жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережесі сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-06-25]