KZ
24 мамыр 2025, 15:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.05.2025 16:27 #Қаржы құралдары

23 мамырдан бастап "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ KZ2C00013811 (UZPAb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 23.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 22 мамырында "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ (Өскемен) KZ2С00013811 (UZPAb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелері бойынша облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 14,25 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00 % құрайды.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 23 мамырынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-23]