KZ
14 мамыр 2025, 21:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2025 16:06 #Сауда-саттық ақпараты

/ӨЗГЕРІЛДІ/ 16 мамыр күні Қазақстан қор биржасында "Teniz Capital Investment Banking" АҚ 15 000 KZ1C00000256 (IFDR) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 14.05.25, жарияланған орналастыру көлемі өзгертілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Алматы) KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" санаты, IFDR) жай акцияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  жай акциялар                     
ISIN:                                     KZ1C00000256                     
KASE сауда-саттық коды:                   IFDR                             
Акциялардың жалпы саны, дана:                                              
– тіркелген:                              3 000 000                        
– орналастырылған:                        905 912                          
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        16.06.25                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 15 000                           
Лот мөлшері, дана.:                       1                                
Сауда-саттық заты:                        акцияның бағасы                  
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–11:30                      
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–11:30                      
Кесімдеу уақыты:                          12:00 (Т+0)                      
Төлем күні мен уақыты:                    16.05.25, 12:00                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                          немесе одан жоғары өтінімдер     
                                          кесімделеді                      
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша 
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                         
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау   
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Сентрас Секьюритиз" АҚ          
---------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде теңгемен көрсетілген бір акцияның құны үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде лот мөлшеріне тең немесе еселенген акциялар саны көрсетілуі тиіс.

Өтінім көлемі өтінімде көрсетілген акциялар санының және өтінім бағасының үтірден кейінгі екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен теңгемен көрсетілген көбейтіндісіне тең.

Мәміле көлемі өтінімде көрсетілген акциялар санының және өтінім бағасының теңгемен көрсетілген үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен көбейтіндісіне тең.

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Бағалы қағаздарға жазылу ережесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-14]