Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3059487721 (EBRDe29) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 13.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 мамырынан бастап Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің XS3059487721 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe29; 15,0 млрд теңге; 08.05.25-08.05.28; қалқымалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded + маржа 0,15%; actual/365) халықаралық облигацияларымен KASE – де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-05-13]