KZ
23 сәуір 2025, 04:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2025 09:00 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "GoldFinMarket" ломбарды" ЖШС-ның 500 000 дана KZ2P00013501 (MFLGb13) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 03.04.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде “GoldFinMarket” ломбарды” ЖШС-ның (Шымкент) KZ2P00013501 (KASE балама алаңы, "облигациялар” санаты, MFLGb13) облигацияларын бойынша мамандандырылған сауда-саттық (Астана уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.

----------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                    купондық облигациялар                 
ISIN:                                 KZ2P00013501                          
KASE сауда-саттық коды:               MFLGb13                               
Номиналды құны, теңге:                1 000,00                              
Шығарылым көлемі, теңге:                                                    
- тіркелген:                          500 000 000                           
- орналастырылған (номиналы бойынша): –                                     
Айналыс баталған күн:                 Облигация орналастыру үшін жүргізілген
                                      бірінші сауда-саттық өткізілетін күн  
Айналыста болатын соңғы күн:          кейінірек белгіленеді                 
Өтеу басталатын күн:                  кейінірек белгіленеді                 
Айналыс мерзімі:                      2 жыл (720 күн)                       
Купондық мөлшерлеме:                  жылдық 22,00%                         
Купон төленетін кезең:                жылына 2 рет                          
Купон төлеу басталатын күн:           кейінірек белгіленеді                 
Уақыттық базасы:                      30 / 360                              
------------------------------------- --------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:         03.04.25                              
Орналастырудың жарияланған көлемі,    500 000 000                           
теңге:                                                                      
Лот мөлшері, дана:                    1                                     
Сауда-саттық  мәні:                   “таза” баға                           
Сатып алуға берілген өтінім түрі:     шектелімді                            
Өтінім беру тәсілі:                   жабық                                 
Өтінім қабылданатын уақыт:            10:00–14:30                           
Өтінім расталатын уақыт:              10:00–14:30                           
Кесім уақыты:                         15:00 (Т+0)                           
Төлем жасалатын күн және уақыт:       03.04.25, 15:00                       
Өтінімдерді кесу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең        
                                      немесе одан төмен өтінімдер           
                                      кесімделеді                           
Өтінімдердің бағасына байланысты      бір баға бойынша бөліп жіктеу;        
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру                                       
тәсілі:                                                                     
Берілген кезегіне байланысты          қарсылама өтінімдерді қабылдау        
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру уақыты бойынша                        
тәсілі:                                                                     
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес         
                                      ұйымы – "BCC Invest" АҚ               
----------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде үтірден кейінгі төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнының пайызы түрінде көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот мөлшеріне тең немесе оған есе болуы тиіс.

Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған пайызды есепке ала отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс.

Сауда көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың табыстылығын және облигациялармен жасалатын мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тағы шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеу үшін кестеде көрсетілген ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтiнiм бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Осы облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-04-03]