KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 09:22
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.12.2021 10:10 #Қаржы құралдары

29 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000001003 (EABRe3) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары ашылады

/KASE, 29.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZX000001003 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe3, $100,0 млн; 20.12.21 – 20.12.23, жылдық купон, жылдық 1,50 %; actual/actual) халықаралық облигацияларының сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасынадейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды.

[2021-12-29]