Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Қаржы нарығының негізгі уақиғалары, компаниялардың корпоративтік іс-әрекеттері, KASE-дегі сауда-саттық нәтижелері, бағалы қағаздарды алдағы орналастыру және басқа да жаңалықтар туралы өзекті жаңалықтар лентасы
/KASE, 21.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 20 қазанындағы шешімімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 1 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Көрсетілген түзетулермен бастапқы дилерлердің өтінімдерін қосу есебінен МБҚ кірістілік функциясын құру кезінде пайдаланылатын нарықтық деректердің құрамы кеңейтілді, сондай-ақ мәмілелер мен өтінімдер параметрлерін біріктіру, бенчмарк қалыптастыру және жеделдік диапазондарын толтыру тәртібі нақтыланды. Түзетулер KASE ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған есептеуді қарастыратын пысықталған "МБҚ қисығын есептеу" модулі өнеркәсіптік пайдалануға берілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін болады. [2026-10-21]
/KASE, 09.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 06 қазанындағы шешімімен 2026 жылдың 01 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Биржалық ақпаратты тарату ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 18 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. "Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлері" KASE жаңа ақпараттық өнімінің іске қосылуына байланысты түзетулер енгізілді. Бұл ақпараттық өнім нарық қатысушыларына форматына қарай тегін және ақылы негізде ұсынылатын болады: - ағымдағы күнгі тәуекел параметрлері туралы ақпарат KASE және KASE Клиринг орталығының интернет-ресурстарында тегін жарияланады; - ақылы ақпарат беру API (Application Programming Interface) арқылы күнделікті негізде тәуекел-параметрлерді автоматтандырылған беруді, сондай-ақ тәуекел-параметрлердің мұрағаттық мәндерін беруді көздейді. "Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлері" ақпараттық өнімі үшін алымдар мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 50 АЕК және шетелдік компаниялар үшін ай сайын 500 АҚШ долларын құрайды. Түзетулерге сәйкес өнімнің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты "Telegram" мобильді қосымшасында @KASEInfoBot ақпараттық өнімі үшін алым мөлшерлемелері де өзгертілді: - тәулігіне бес сұранымға дейін ақпарат тегін беріледі; - тәулігіне 20 сұранымға дейін құны айына 990 KZT құрайды; - тәулігіне сұраныстардың шексіз саны үшін құны айына 1 590 KZT құрайды. Осыған байланысты, KASE Басқармасының 2026 жылдың 24 қыркүйегіндегі шешімімен KASE-тің "Биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну талаптары туралы қағида" (Қағида) атты ішкі құжатына № 11 өзгертулер мен толықтырулар бекітілді, олар да және "Қаржы құралдарының тәуекел- параметрлері" ақпараттық өнімін беру туралы үлгілік келісім-шарт нысаны 2026 жылдың 01 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлері қазіргі уақытта KASE интернет- ресурсында "Нарықтар" – "Нарықтық бағалау" – "Тәуекел- параметрлер" бөлімінде және KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді Деректерді ағымдағы форматта жариялау жыл соңына дейін жүзеге асырылады. KASE және KACC интернет-ресурстарында тәуекел параметрлерін жариялау форматының алдағы өзгерісі туралы қосымша хабарланатын болады. Ережелер мен Қағиданың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланатын болады ("Ақпарат қалташасы"). [2026-10-09]
/KASE, 09.10.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 06 қазанындағы шешімімен 2026 жылдың 07 қазанынан бастап қолданысқа енгізілген "Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері" атты KASE ішкі құжатына № 8 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер эмитенттердің ақпаратты ашу тәртібін одан әрі жетілдіруге, ақпаратты берудің ашықтығы мен уақтылығын арттыруға, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған. Негізгі өзгертулердің бірі – мерзімді есеп берудің жаңа тәртібі. KASE шешімімен есептілікті берудің белгіленген мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі алынып тасталады және есептілікті берудің белгіленген мерзімін сақтамау бұзушылық ретінде сараланады. Бір мезгілде эмитенттің есептілікті уақтылы ұсынбау себептерін ашу міндеті енгізіледі. Кідіріс туралы ақпарат кез келген жағдайда нарықтың назарына: немесе кідіріс себептерін көрсете отырып, эмитенттің хабарламасы арқылы немесе KASE хабарламасы арқылы жеткізіледі. Нақты есеп бойынша кідіріс туралы нарықты уақтылы хабардар ету кезінде тиісті есептілікті берудің кейінгі кешіктірілу ұзақтығына қарамастан бір бұзушылықтан аспайтыны тіркеледі. Бұдан басқа, 2026 жылдың 08 қазанынан бастап KASE эмитенттің акциялары мен, әрқайсысына эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санының 10 % және одан астамына тиесілі болатын, акционерлері туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде жариялайтын болады. Бұл ретте инвесторларды эмитенттерді иелену құрылымы туралы неғұрлым толық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында эмитенттің жылдық есебінің құрамында акционерлер туралы ақпаратты ашу үшін 5 % шегі сақталады. № 8 өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері Биржаның интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша орналастырылған Сонымен қатар, ақпаратты ашу тәртібіндегі өзгертулерге арналған оқыту бейнеролигімен танысуды ұсынамыз [2026-10-09]
/KASE, 07.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 06 қазанындағы шешімімен 2026 жылдың 07 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 8 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер эмитенттердің ақпаратты ашу механизмдерін одан әрі жетілдіру, ақпаратты берудің ашықтығы мен уақтылығын арттыру, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту мақсатында енгізілді. Ереженің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады ("Листинг" – "Ақпараттар ашу" қалташасы). [2026-10-07]
/KASE, 07.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 06 қазанындағы және KASE Басқармасының 2026 жылдың 01 қазанындағы шешімдерімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді: 1) Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелеріне № 1 өзгертулер мен толықтырулар; 2) "Қазақстан қор биржасы" АҚ-нда айналымға рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы мен құрамы туралы қағидаға № 1 толықтыру; 3) Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға № 25 өзгертілер мен толықтырулар; 4) Мәмілелер жасасу ережелеріне № 2 өзгертулер мен толықтырулар; 5) Сауда-клирингілік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібіне № 1 өзгертулер мен толықтырулар; 6) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 1 өзгерту пен толықтырулар; 7) Негізгі шартты белгілердің глоссарийіне № 1 қосымша. Түзетулер 2026 жылдың 06 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. Түзетулер KASE бастапқы және қайталама нарықтарында көміртегі бірліктері түріндегі қамтамасыз ету пулымен клирингілік қатысу сертификаттарымен сауда-саттық жасауды ұйымдастыруға байланысты енгізілді. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады (закладка "Торги"). [2026-10-07]
/KASE, 30.09.26, 02.09.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептер конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурс 2026 жылдың 02 қыркүйгінен 31 желтоқсанына дейін өткізіледі және Қазақстанда қаржылық емес есептілікті дайындау практикасын дамытуға бағытталған. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген кез келген заңды тұлғалар қатыса алады. Конкурс шеңберінде конкурсқа жіберілген заңды тұлғалардың 2025 жылға жылдық есептері мен орнықты дамуы туралы есептеріне бағалау жүргізілетін болады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін заңды тұлғалар 2025 жылдың 09 қазанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс: 1) нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім 2) 2025 жылға жылдық есеп орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын және қазақ тілдерінде болған кезде; 3) 2025 жылдағы орнықты даму туралы есеп бар болса орыс тілінде, сондай-ақ бар болса ағылшын және қазақ тілдерінде. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімнің қол қойылған электрондық нұсқасын PDF форматында және DOC форматында monitoring@kase.kz электрондық поштаға жіберу арқылы немесе мына сілтеме бойынша ұсынылады. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде қандай да бір себептермен 2025 жылға жылдық есепке/орнықты даму туралы есепке интернет-сілтемелер ұсынылмаса немесе олар белсенді емес болып табылса, мұндай есептер электрондық түрде pdf форматында monitoring@kase.kz электрондық поштаға жіберіледі немесе KASE орналасқан жері бойынша электрондық тасығышта ұсынылады. Конкурсты өткізу кезеңдері: - конкурсқа өтінімдерді қабылдау; - сараптама комиссиясының материалдарды бағалауы; - сараптама комиссиясының конкурс жеңімпаздарын айқындауы; - байқау жеңімпаздарын марапаттау. Негізгі номинациялар: 1) Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп; 2) Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп; 3) Қаржы секторындағы тұрақты даму туралы үздік есеп; 4) Қаржылық емес сектордағы тұрақты даму туралы үздік есеп. KASE жекелеген қатысушылардың жетістіктерін көтермелеу мақсатында оны өткізу барысында конкурстың қосымша номинацияларын жариялауға құқылы. Бұл конкурсқа қатысушының дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі, сондай-ақ конкурс өткізу кезеңінде оның тарапынан әдепті емес мінез-құлық анықталған жағдайда. конкурсқа қатысушы конкурс өткізудің кез келген кезеңінде конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін. Конкурсты өткізу шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады [2026-09-30]
/KASE, 29.09.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 22 қыркүйегіндегі шешімімен 2026 жылдың 01 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Цифрлық активтер саласында көрсетілетін қызметтерді алуға арналған құжаттар нысандары" атты KASE ішкі құжатына № 1 (толықтыру) толықтыру бекітілді. Қосымшаға сәйкес құжатқа келесі нысандар енгізілген: - цифрлық қаржы активтерін шығару/өтеу, сондай-ақ цифрлық қаржы активтерін шығару шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш (4 нысан); - цифрлық қаржы активтерін шығару, шығару шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы куәлік (5 нысан); - цифрлық қаржы активтері шығарылымын өтеу (немесе) күшін жою туралы куәлік (6 нысан). Цифрлық активтер саласында көрсетілетін қызметтерді алуға арналған құжаттар нысандарының жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында vsyf сілтеме бойынша жарияланады ("ЦҚА" қалташасы). [2026-09-29]
/KASE, 24.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімімен 2026 жылдың 23 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілген "Мәмілелер жасасу ережелері" (Ережелер) KASE ішкі құжатына № 1 (толықтыру) толықтыру бекітілді. Толықтырумен бағалы қағаздарға жазылу әдісімен сауда-саттықты өткізу кезінде жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды Ережелерде белгіленген есеп айырысу валюталарымен қатар еурода жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған. Ережелернің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады ("Сауда-саттықтар" қалташасы). [2026-09-24]
/KASE, 23.09.26, 02.09.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептер конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурс 2026 жылдың 02 қыркүйгінен 31 желтоқсанына дейін өткізіледі және Қазақстанда қаржылық емес есептілікті дайындау практикасын дамытуға бағытталған. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген кез келген заңды тұлғалар қатыса алады. Конкурс шеңберінде конкурсқа жіберілген заңды тұлғалардың 2025 жылға жылдық есептері мен орнықты дамуы туралы есептеріне бағалау жүргізілетін болады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін заңды тұлғалар 2025 жылдың 09 қазанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс: 1) нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім 2) 2025 жылға жылдық есеп орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын және қазақ тілдерінде болған кезде; 3) 2025 жылдағы орнықты даму туралы есеп бар болса орыс тілінде, сондай-ақ бар болса ағылшын және қазақ тілдерінде. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімнің қол қойылған электрондық нұсқасын PDF форматында және DOC форматында monitoring@kase.kz электрондық поштаға жіберу арқылы немесе мына сілтеме бойынша ұсынылады. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде қандай да бір себептермен 2025 жылға жылдық есепке/орнықты даму туралы есепке интернет-сілтемелер ұсынылмаса немесе олар белсенді емес болып табылса, мұндай есептер электрондық түрде pdf форматында monitoring@kase.kz электрондық поштаға жіберіледі немесе KASE орналасқан жері бойынша электрондық тасығышта ұсынылады. Конкурсты өткізу кезеңдері: - конкурсқа өтінімдерді қабылдау; - сараптама комиссиясының материалдарды бағалауы; - сараптама комиссиясының конкурс жеңімпаздарын айқындауы; - байқау жеңімпаздарын марапаттау. Негізгі номинациялар: 1) Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп; 2) Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп; 3) Қаржы секторындағы тұрақты даму туралы үздік есеп; 4) Қаржылық емес сектордағы тұрақты даму туралы үздік есеп. KASE жекелеген қатысушылардың жетістіктерін көтермелеу мақсатында оны өткізу барысында конкурстың қосымша номинацияларын жариялауға құқылы. Бұл конкурсқа қатысушының дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі, сондай-ақ конкурс өткізу кезеңінде оның тарапынан әдепті емес мінез-құлық анықталған жағдайда. конкурсқа қатысушы конкурс өткізудің кез келген кезеңінде конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін. Конкурсты өткізу шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады [2026-09-23]
/KASE, 18.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 15 қыркүйегіндегі шешімімен ""Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулық" (Нұсқаулық) атты KASE ішкі құжатына № 21 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітіліп, 2026 жылдың 16 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді. Түзетулермен цифрлық қаржы активтері платформасы мен цифрлық активтердің сауда-саттық платформасына қатысушыларға кодтар беру тәртібі анықталған. Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады ("Сауда- саттықтар" – "Сауда-саттық жүйесі"). [2026-09-18]