KZ
RU
EN
1 қараша 2026, 07:33
KZ
RU
EN
Кіру
KASE мүшелігі не үшін қажет

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқығы бар өзге де заңды тұлғалар Биржа мүшесі бола алады.

Заңды тұлғалар, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және KASE талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік тұлғалар KASE шетелдік мүшелері және АХҚО қатысушылары болып табылатын KASE мүшелері бола алады.

Биржа мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар және оларды қабылдау тәртібі, мүшелікті тоқтата тұру және жоғалту, сондай-ақ Биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Биржаның ережелерінде белгіленеді.

Мүшелік санаттары
Олардың сауда-саттықтарына қатысуға құқығы бар қаржы құралдарының түрлеріне қарай KASE мүшелері келесі санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады:
Қор
бағалы қағаздардың сауда-саттықтарына қатысу құқығымен
Валюталық
шетел валюталардың биржалық сауда-саттықтарына қатысу құқығымен
Деривативтер
туынды қаржы құралдардың биржалық сауда-саттықтарына қатысу құқығымен
KASE мүшелігіне қабылдау кезеңдері

Пайдалы материалдар

Өзекті ақпарат