KZ
9 мамыр 2025, 15:34
old.kase.kz-ке өту
Қазақша

KASE мүшелігі

KASE басқарушы және инвестициялық компанияларға, банктерге, брокерлік және сақтандыру компанияларына 700+ қаржы құралына, техникалық шешімдерге және нарыққа тікелей қол жеткізу жүйесіне қолжетімділікті ұсынады
Сауда-саттыққа қатысушыларға/
Қалай Биржа мүшесі болуға болады
KASE мүшелігі не үшін қажет

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқығы бар өзге де заңды тұлғалар Биржа мүшесі бола алады.

Заңды тұлғалар, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және KASE талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік тұлғалар KASE шетелдік мүшелері және АХҚО қатысушылары болып табылатын KASE мүшелері бола алады.

Биржа мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар және оларды қабылдау тәртібі, мүшелікті тоқтата тұру және жоғалту, сондай-ақ Биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Биржаның ережелерінде белгіленеді.

Мүшелік санаттары
Олардың сауда-саттықтарына қатысуға құқығы бар қаржы құралдарының түрлеріне қарай KASE мүшелері келесі санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады:
Қор
бағалы қағаздардың сауда-саттықтарына қатысу құқығымен
Валюталық
шетел валюталардың биржалық сауда-саттықтарына қатысу құқығымен
Деривативтер
туынды қаржы құралдардың биржалық сауда-саттықтарына қатысу құқығымен
KASE мүшелігіне қабылдау кезеңдері
KASE талаптарына сәйкестігін тексеру

"Валюталық", "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылдау Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, шетелдік заңды тұлғалар және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары үшін іске асырылуы мүмкін.

Өтініш пен құжаттарды беру

KASE мүшелігіне кандидат өтінішті және қажетті құжаттар пакетін is2in жүйесінде немесе қағаз жеткізгіштерде monitoring@kase.kz мекен-жайына жүгіну арқылы онлайн тапсыра алады

KASE мүшелігін алу

KASE мүшелігі KASE уәкілетті органы мүшелік туралы оң шешім қабылдағаннан және кіру жарнасын төлегеннен кейін беріледі

Сауда-саттыққа рұқсаттама және мониторинг

Сауда-саттыққа қатысу үшін KASE мүшесі тиісті талаптарды орындауы керек.

Бүкіл мүшелік мерзімі ішінде KASE өз мүшелеріне мерзімді есеп беруді, олардың қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін, сондай-ақ мүшелерінің төлем қабілеттілігінің нашарлау жағдайларын анықтауды бақылайды.

Өзекті ақпарат

ИНВЕСТОРЛАРҒА Құралдар тізімі
ИНВЕСТОРЛАРҒА Эмитенттер
САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА Биржа мүшелері
АҚПАРАТ Сауда-саттық нәтижелері
АҚПАРАТ Сауда-саттықтарды қарау
АҚПАРАТ KASE ережелері