KZ
RU
EN
1 қараша 2026, 18:34
KZ
RU
EN
Кіру
Клирингілік қызмет

Клирингілік қызметті KASE компаниялар тобына кіретін "KASE клиринг орталығы" АҚ 2023 жылдың 21 шілдесінде берілген қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыруға №3.1.8.2  лицензиясы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2023 жылдың 28 тамызында берген №4.3.22 банк операцияларын жүргізуге лицензиясы негізінде жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Клирингілік орталық клирингілік қызметті жүзеге асыратын және биржалық валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында орталық контрагенттің қызметтерін көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.

Клирингілік орталық мынадай қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асырады:

қор нарығында – олармен жасалған мәмілелер бойынша Клирингілік орталық, Клирингілтік орталықтың Басқармасы бекітетін, клирингілік қызметті жүзеге асыратын қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне енгізілген қаржы құралдармен;

валюталық нарықта – шетелдік валюталармен;

деривативтер нарығында – фьючерстермен

Клирингтің артықшылығы
Клирингілік қатысушылар санаттарыҚамтамасыз ету түрі бойынша клирингтік қатысушыға мынадай санаттар берілуі мүмкін:
Орталық контрагент (ОК) деген не

Орталық контрагент (ОК) – қаржы нарығына қатысушының нарыққа қатысушылармен барлық мәмілелер бойынша жалғыз контрагент болатын ақша немесе қаржы активін жеткізу жөніндегі міндеттемесін орындамау тәуекелін өзіне алатын қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы.
Бүгінгі күні Клиринг орталығы клирингілік қызметті жүзеге асыратын және Биржаның валюталық және қор нарықтарында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында Орталық контрагенттің қызметтерін көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.

Орталық контрагент әр сатып алушы үшін сатушы және әр сатушы үшін сатып алушы болады:
•    ОК-пен мәміле бірінші мәміле бойынша – міндеттемелер контрагент (сатушы) пен ОК арасында, екіншісі – контрагент (сатып алушы) пен ОК арасында туындайтындай етіп екіге бөлінеді
•    ОК екі мәміленің заңды жағына айналады, сатушы мен сатып алушының контрагенттері арасындағы түпнұсқа мәміле тоқтатылады
•    ОК басқа клирингілік қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауына қарамастан әрбір адал клирингілік қатысушының алдында жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді

ОК артықшылықтары

Өзекті ақпарат