Қор нарығы
Биржа акциялармен, корпоративтік облигациялармен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен, халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен, егеменді және корпоративтік еурооблигациялармен, депозитарлық қолхаттармен, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен, биржалық инвестициялық қорлармен (Exchange Traded Funds — ETF) сауда-саттық өткізеді.
Өтімді бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар T+2 технологиясы бойынша (мәміле жасалғаннан кейінгі екінші күні), T+0 технологиясы бойынша өтімді емес бағалы қағаздар бойынша (мәміле жасалған күні) жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті берген 2012 жылдың 19 шілдесіндегі Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға № 4.2.3/1 лицензиясы. Лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық береді: Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыру жөніндегі қызмет Бағалы қағаздар нарығындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызмет
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2020 жылдың 30 қаңтарындағы Ұлттық және шетел валютасындағы банк операцияларын жүргізуге арналған № 4.3.8 лицензиясы. Лицензия келесі банктік операцияларды жүргізуге құқық береді: Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу Аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары