31 наурыздан бастап KASE-нің Басқарма төрағасы болып Әділ Мұхамеджанов сайланды

07.03.25 17:21
/KASE, 03.07.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 31 наурыздан бастап 2026 жылғы 01 шілдеге дейінгі өкілеттік мерзімімен KASE-нің Басқарма төрағасы болып Әділ Мұхамеджанов сайланды. Әділ Мұхамеджанов 2021 жылдан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Басқарма төрағасы болды, бұған дейін ол KASE Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті, одан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды. KASE Басқармасының қазіргі құрамы компанияның корпоративтік веб- сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/ru/kase_management/ [2025-03-07]