31 наурыздан бастап KASE Басқарма төрайымы А. Алдамбергеннің өкілеттігі оның өз бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтатылады
07.03.25 16:55
/KASE, 07.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің
шешімімен 2025 жылдың 31 наурызынан бастап Алина Алдамбергеннің
KASE Басқарма төрайымы ретіндегі өкілеттігі оның өз бастамасымен
мерзімінен бұрын тоқтатылады.
А. Алдамберген 2016 жылдың 9 ақпанынан бастап KASE Басқармасының
төрайымы болып сайланған. Осы тағайындауға дейін А. Алдамбергеннің
қаржы нарығында, оның ішінде реттеуші органдарда және KASE Директорлар
кеңесінде үлкен жұмыс тәжірибесі болды.
Алина Алдамбергеннің басшылығымен KASE жаңа ақпараттық жүйелерді,
жаңа құралдарды және жаңа бизнесті енгізе отырып, түбегейлі жаңа даму
деңгейіне көтерілді. Атап айтқанда, жаңа сауда-саттық жүйелеріне көшу
жүзеге асырылды, KASE-де еліміздің қор нарығы тарихындағы ең ірі
IPO-лар өткізілді. KASE нарықтарындағы биржалық айналым төрт еседен
астам өсті.
Алина Алдамбергеннің басшылығымен жасалған нарық инфрақұрылымын
дамытудағы маңызды қадам алдымен KASE аясында клирингілік қызмет
пен орталық контрагент қызметін енгізу, содан кейін осы қызметпен
айналысатын жеке ұйымды бөліп шығару болды.
А.Алдамберген – қор нарығының ең беделді сарапшыларының бірі. Қаржы
нарығын дамытудағы елеулі еңбегі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.
KASE Директорлар кеңесі, Басқармасы және қызметкерлері Алина
Алдамбергенге қаржы нарығын және KASE қызметін дамытуға қосқан үлесі
үшін алғыс айтады.
[2025-03-07]