Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03 наурыздан бастап Сауда-клирингілік жүйелерде суда-саттық өткізу әдістері туралы қағидаға және "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 05.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді:
- Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидаға № 7 өзгерту;
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы туралы қағидаға № 4 өзгертулер мен толықтырулар.
Бұл түзетулер 2025 жылдың 03 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді.
Түзетулер редакциялық сипатта болады.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында "KASE ережелері" бөлімінде жарияланады – толығырақ ("Сауда- саттық" қалташасы).
[2025-03-05]