/KASE, 05.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2025 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай
түзетулер бекітілді:
- Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
қағидаға № 7 өзгерту;
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде айналысқа рұқсат
етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы туралы қағидаға
№ 4 өзгертулер мен толықтырулар.
Бұл түзетулер 2025 жылдың 03 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді.
Түзетулер редакциялық сипатта болады.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында "KASE
ережелері" бөлімінде жарияланады –
http://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-
саттық" қалташасы).
[2025-03-05]