KZ
2 шілде 2025, 17:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.03.2025 18:08 #Нормативтік база

03 наурыздан бастап Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпараттар ашу қережелеріне және Листингілік ережелерге енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 03.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 28 ақпанындағы шешімімен:

  • Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпараттар ашу ережелеріне (Ережелер) № 7 өзгертулер мен толықтырулар;
  • Листингілік ережелерге № 12 өзгертулер.

Көрсетілген түзетулер 2025 жылдың 03 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулер Ережелер мен Листингілік ережелерді "Биржада бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру критерийлерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылдың 17 қарашасындағы № 911 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес келтіру мақсатында енгізілді.

Түзетулер мынадай өзгерістер мен толықтыруларды көздейді:

  • акциялар эмитенттерінің негізгі немесе баламалы алаңның "акциялар" секторындағы еркін айналымдағы акциялар саны туралы мәліметтерді Биржаға ұсыну тәртібі өзгертілді;
  • акция негізгі немесе балама алаңның "акциялар" секторында орналасқан акциялар эмитенттерінің IPO немесе SPO өткізу арқылы акцияларды орналастыру туралы растау хаттарын Биржаға ұсыну тәртібін анықтайды;
  • акция еркін айналымдағы акциялар саны туралы мәліметтерді есептеу шарттары өзгертілді;
  • редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізілді.

Ережелер мен Листингілік ережелердің жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланатын болады толығырақ ("Листинг" қалташасы).

[2025-03-03]