Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE биржалық нарықтың 2025 жылдың қаңтарындағы жұмысын қорытындылады
/KASE, 18.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қаңтарындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылдың қаңтарында 28,6 трлн теңгені құрады және 2024 жылдың желтоқсанына қатысты 11,9 %-ға немесе 3,9 трлн теңгеге төмендеді.
- Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,2 %-ға өсіп, 5 644,41 тармақты құрады.
- Қаңтар айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 2,4 %-ға 32,1 трлн теңгеге дейін төмендеді, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2,3 %-ға 14,0 трлн теңгеге дейін өсті.
- Қаңтар айында листинг процедурасынан бір жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялар шығарылымы өтті.
- 2025 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 260 эмитенттің 756 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE пресс-релизінде ұсынылған.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
[2025-02-18]