KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЛИСТИНГІЛІК КОМПАНИЯЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

18.02.25 14:43
/KASE, 18.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 ақпанында 2024 жылдың қорытындысы бойынша жыл сайынғы листингілік компанияларды марапаттау рәсімін өткізді. "20 жыл табысты әріптестік үшін" наградасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне оның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытудағы және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қаржыландыруды қамтамасыз етудегі негізгі рөлін мойындау үшін берілді. "Эмиссиялық белсенділігі үшін" номинациясының жеңімпаздары, жоғары эмиссиялық белсенділікті көрсеткен және 2024 жылы өз облигацияларының ең көп шығарылымын листингтен өткізген "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "Mogo Kazakhstan "МҚҰ (Мого Қазақстан)" ЖШС, "Ломбард "GOLDFINMARKET" ЖШС және "Онлайн-ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Solva) танылды. "ESG облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясы бойынша "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "A-cars" ЖШС және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жеңімпаз атанды. Бұл номинацияда 2024 жылы KASE-де сәтті орналастырылған ESG-облигацияларын шығарған листингілік компаниялар марапатталды. "ESG облигацияларын верификациялауды қолдағаны үшін" номинациясының жеңімпазы Green Investment Group компаниясы болды. "Есептесуі цифрлық теңгемен облигациялардың бірінші эмитенті" номинациясы бойынша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ марапатқа ие болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ашықтыққа ұмтылғаны үшін" дипломдарымен марапатталды: - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ – экономиканың қаржы секторының листингілік компаниялары арасында; - "ҚазТрансОйл" АҚ, "ҚазМұнайГаз "ұлттық компаниясы" АҚ, "Кселл" АҚ және "KEGOC" АҚ – экономиканың қаржылық емес секторының листингілік компаниялары арасында. Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/kz/17_02_2025_awards_kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/ru/17_02_2025_awards_ru.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/en/17_02_2025_awards_eng.pdf Листингілік компанияларды жыл сайынғы марапаттау ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/issuers_diplom.pdf Өткен жылдардағы номинациялардың дипломанттары туралы ақпаратпен KASE интернет-ресурсында танысуға болады – http://kase.kz/ru/issuers_diplomas/ [2025-02-18]