KZ
2 шілде 2025, 07:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.02.2025 15:37 #Нормативтік база

14 ақпаннан бастап KASE-нің "Қор нарығындағы сауда-саттық режимі мен операциялар туралы қағида" атты жаңа ішкі құжаты күшіне енеді

/KASE, 12.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 06 ақпанындағы шешімімен KASE-нің "Қор нарығындағы сауда- саттық режимі мен операциялар туралы қағида" атты жаңа ішкі құжаты (Қағида) бекітілді, ол 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Қағида KASE-нің "ASTS+ сауда-клиринг жүйесінің сауда-саттық режимдері мен операцияларының тізімдері" ішкі құжатын өзекті ету және оңтайландыру мақсатында әзірленді.

2025 жылдың 14 ақпанынан бастап ASTS+ сауда-клиринг жүйесінің сауда- саттық режимдері мен операциялары тізімдерінің күші жойылды деп танылады.

Қағида KASE-нің интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша ("Сауда-саттық" – "Бағалы қағаздар" қойындысы) жарияланады.

[2025-02-12]