05 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc.US0378331005 (AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

04.02.25 17:25
/KASE, 04.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап қайта басталады. [2025-02-04]