KZ
16 шілде 2025, 00:34
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.02.2025 14:32 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

05 ақпаннан бастап төрт атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне енгізіледі

/KACC, 04.02.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 05 ақпанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай бағалы қағаздар енгізілетін болады:

1) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011757 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санат, JSBNb4);

2) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012987 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санат, BTRKb18)

3) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009637 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санат, BRKZb32);

4) Азия Даму Банкінің XS2971950428 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe19).

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ

[2025-02-04]