/KACC, 04.02.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 05 ақпанынан
бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен
жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының
тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай бағалы қағаздар енгізілетін болады:
1) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011757
облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санат, JSBNb4);
2) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012987
облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санат, BTRKb18)
3) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00009637 облигациялары (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санат, BRKZb32);
4) Азия Даму Банкінің XS2971950428 халықаралық облигациялары
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы,
ASDBe19).
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2025-02-04]