29 қаңтардан бастап жаңа редакцияда Биржа мүшелерінің мониторингін жүзеге асыру тәртібі қолданысқа енгізілді

30.01.25 14:53
/KASE, 30.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2025 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен 2025 жылдың 29 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген "Биржа мүшелерінің мониторингін жүзеге асыру тәртібі" (Тәртібі) атты KASE ішкі құжаты жаңа редакцияда бекітілді. Тәртіптің жаңа редакциясы құжат мәтінін өзектендіру және KASE мүшелерінің мониторинг процестерін нақтылау мақсатында әзірленді. 2025 жылдың 29 қаңтарынан бастап тәртіп алдыңғы редакцияда күші жойылды деп танылды. Жаңа редакциядағы Тәртіп KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады http://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Мүшелік" бетбелгісі). [2025-01-30]