/KASE, 29.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 28 қаңтарында "Fincraft Group" ЖШС
(Алматы) KZ2P00013170 (NCOMb5; $100, $10,0 млн; 360 күн; жартыжылдық
купон, жылдық 11,00 %, 30/360) облигацияларының негізгі алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/bonds/show/NCOMb5
[2025-01-29]