KZ
4 шілде 2025, 07:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.01.2025 15:59 #Қаржы құралдары

30 қаңтардан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012875 (MFLGb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 29.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012875 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLGb7; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 23.01.25 – 23.01.27; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2025-01-29]