30 қаңтардан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012875
(MFLGb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылатын болады
29.01.25 15:59
/KASE, 29.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
30 қаңтарынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент)
KZ2P00012875 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLGb7;
1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 23.01.25 – 23.01.27; тоқсандық купон, жылдық
20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне
ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-01-29]