KASE "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді

28.01.25 10:58
/KASE, 28.01.25/ – 2025 жылдың 27 қаңтарыында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ АҚ басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында компания өкілдері 2024 жылдағы жұмыс қорытындыларын хабарлады, компанияның өнімдері, халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ филиалдық желіні кеңейту және Өзбекстанда филиал ашу жоспарлары туралы айтты. Іс-шараға спикерлер ретінде Константин Барабанов – CEO SOLVA Group Ltd, Ринат Әлиев – Solva Group ltd. капитал нарықтары жөніндегі басқарушы директоры, Ренат Сыздықов – Freedom Broker инвестициялық банкингінің директоры қатысты. Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/ru/events/show/2025/solva_2025/ [2025-01-28]