KASE JetFinance компаниясының ("Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" ЖШС) "Эмитент күнін" өткізді

27.01.25 14:14
/KASE, 27.01.25/ – 2025 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде JetFinance компаниясының ("Mogo Kazakhstan "МҚҰ (Мого Казахстан)"ЖШС) басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында компания өкілдері 2024 жылдағы жұмыс қорытындылары, компанияның ағымдағы жағдайы, қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ 2025-2028 жылдарға арналған жоспарлары туралы айтып берді. Іс-шараға спикерлер ретінде: Азамат Сейітбеков – JetFinance компаниялар тобының негізін қалаушы және иесі, Андрей Варначкин – JetFinance компаниялар тобының бірлескен Бас директоры, Никита Вильгельм – JetFinance компаниялар тобының қаржы директоры, Алексей Ноздрин – Borze.kz жобасының атқарушы директоры қатысты. Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/ru/events/show/2025/JetFinance_day_2025/ [2025-01-27]