27 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power
Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
24.01.25 15:54
/KASE, 24.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27 қаңтарынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың
10 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric
Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 12 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2025-01-24]