Қазақстан Қаржы министрлігі 21 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00001079 (MUM216_0002) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,89 %-бен орналастырып, 17,2 млрд теңге тартты

23.01.25 17:48
/KASE, 23.01.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001079 (MUM216_0002) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ мәліметіне сәйкес 2024 жылдың 23 қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 17 158 858 576,9 теңгені құрады. KASE "21 қаңтар күні Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 21,8 млн МЕУКАМ KZKD00001079 (MUM216_0002) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,89 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1535871/ [2025-01-23]