KZ
12 шілде 2025, 09:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.01.2025 17:37 #KASE жаңалықтары

АНОНС: 27 ҚАҢТАРДА KASE "ОНЛАЙН ҚАЗҚАРЖЫ МҚҰ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 23.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27 қаңтарында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.

Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 11:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз бөлмесі.

Кездесу барысында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ өкілдері алдағы уақытта 2025 жылдың 28 қаңтарына жоспарланған 7,0 млрд теңгеге облигацияларды орналастыру туралы ақпаратпен бөліседі.

Іс-шара спикерлері:

  • Константин Барабанов, CEO SOLVA Group Ltd;
  • Ринат Алиев, SOLVA Group Ltd капитал нарықтары жөніндегі Басқарушы директор;
  • Ренат Сыздықов, Freedom Broker Инвестициялық банкинг директоры.

Тіркелу үшін customers@kase.kz электрондық пошта мекен-жайына хабарласу қажет.

[2025-01-23]