АНОНС: 27 ҚАҢТАРДА KASE "ОНЛАЙН ҚАЗҚАРЖЫ МҚҰ" АҚ АРНАЛҒАН
"ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
23.01.25 17:37
/KASE, 23.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
27 қаңтарында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Онлайн
ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.
Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 11:00, өтетін орны: Алматы қ.,
Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік
мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз бөлмесі.
Кездесу барысында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ өкілдері алдағы уақытта
2025 жылдың 28 қаңтарына жоспарланған 7,0 млрд теңгеге облигацияларды
орналастыру туралы ақпаратпен бөліседі.
Іс-шара спикерлері:
- Константин Барабанов, CEO SOLVA Group Ltd;
- Ринат Алиев, SOLVA Group Ltd капитал нарықтары жөніндегі
Басқарушы директор;
- Ренат Сыздықов, Freedom Broker Инвестициялық банкинг директоры.
Тіркелу үшін customers@kase.kz электрондық пошта мекен-жайына
хабарласу қажет.
[2025-01-23]