23 қаңтардан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00012370 (MFSLb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

22.01.25 16:30
/KASE, 22.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 23 қаңтарынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) KZ2P00012370 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb7; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 16.01.25 – 16.01.26; 30/360) дисконттық облигациялары "таза" бағамен сауда-сатық тәртіптемесіне ауыстырылатыны туралы хабарлайды. KASE сауда-сттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2025-01-22]