"Скулбас" ЖШС KZ2P00013113 (SCLBb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

22.01.25 16:25
/KASE, 22.01.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 22 қаңтарында "Скулбас" ЖШС (Астана) KZ2P00013113 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,25%; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Көрсетілген облигациялар "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелері бойынша облигациялар шығарылымы болып табылады. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 14,25 %, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6 % құрайды. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 10 қаңтарында жалпы сомасы 5,0 млрд теңгеге тіркелген, "Скулбас" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады. "Скулбас" ЖШС - нің қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға SCLBb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Скулбас" ЖШС қызметінің негізгі түрі – көлік қызметтерін көрсету. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-01-22]