АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" акциялары мен акционерлері туралы 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер

22.01.25 15:17
/KASE, 22.01.25/ – АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" акциялары мен акционерлері туралы 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 427 059 079 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2025-01-22]