/KASE, 21.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың
23 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
(МЕУКАМ) KZKD00001160 (MUM096_0012) мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 89,4188 % (кірістілік –
жылдық 13,80 %) деңгейінде белгіленген кесімдеу бағасы бойынша
номиналды құны бойынша жалпы сомасы 17 929 256 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған
таза баға номиналдың 89,5071 % құрады (кірістілік – жылдық 13,77 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 23 қаңтарда болатын және
өтеуге дейінгі мерзімі 4,5 жыл МЕУКАМ KZKD00001160 (MUM096_0012)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1535788/
[2025-01-21]