20 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00011468 (HSBKb21) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

20.01.25 11:11
/KASE, 20.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011468 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HSBKb21) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес жалғыз ұстаушының көрсетілген облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізуді бекіту туралы шешіміне байланысты тоқтатылды. [2025-01-20]