/KASE, 17.01.25/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) және
KASE Клиринг орталығы (бірлесіп – KASE ТОбы) тәуелсіз сертификаттау
аудитінен сәтті өтіп, ISO 9001:2015 және ISO/IEC 27001:2022 халықаралық
стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификаттарын алды.
ISO 9001:2015 сертификаты нарық қатысушыларының сенімін арттырады
және бизнес-процестерді басқаруды және сапа саласындағы халықаралық
стандартқа сәйкес Биржа мен Клирингілік орталықтың қызметін жүзеге
асыруды растайды.
ISO 9001: 2015 стандартының талаптары мыналарға қойылатын талаптарды
қамтиды:
- ұйымның негізгі процестері: жоспарлау, жобалау және әзірлеу, сатып
алу, дайындау, қызмет көрсету, бақылау;
- көмекші процестер: персоналды басқару, білімді басқару,
инфрақұрылымды дұрыс ұстау;
- басқару процестеріне: стратегиялық жоспарлау, мақсат қою,
жобаларды басқару, үздіксіз жетілдіру процесі.
KASE Тобы нарық қатысушыларына қызметтің тиімділігін арттыруға,
тәуекелдерді азайтуға және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды
жақсартуға бағытталған сенімді және тиімді шешімдерді ұсына отырып,
бизнес-процестерді ұдайы жетілдіру және инновациялық шешімдерді енгізу
қағидатын ұстанады.
ISO/IEC 27001: 2022 сәйкестік сертификаты Биржаның және Клирингтік
орталықтың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастырудың
жоғары деңгейін растайды, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы
ішкі саясаттар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бақылау
құралдары мен шараларын басқару, қауіптердің тұрақты мониторингі және
тәуекелдер мен мүмкіндіктерге ден қою жөніндегі іс-қимылдар қамтылған.
Толығырақ ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде берілген.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/kz/17_01_2025_ISO_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/ru/17_01_2025_ISO_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/en/17_01_2025_ISO_eng.pdf
[2025-01-17]