Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE 2024 жылдағы биржалық нарықтың жұмысын қорытындылады
/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылға қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2024 жылы 389,1 трлн теңгені құрады және 2023 жылға қарағанда 5,3 % - ға немесе 21,7 трлн теңгеге төмендеді.
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 33,2 % - ға 5 578,10 тармаққа дейін өсті.
- Акциялар нарығын капиталдандыру бір жылда 23,0 % - ға 32,9 трлн теңгеге дейін өсті.
- KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 1,6 % - ға 13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
- 2024 жылы листинг процедурасынан 32 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, екеуі KASE Global секторында, 29 корпоративтік облигациялар секторында.
- 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 758 атаудағы 262 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE бапсасөз мәлімдемесінде ұсынылған.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – толығырақ
[2025-01-16]