/KASE, 16.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылға қызметтің
негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2024 жылы 389,1 трлн теңгені
құрады және 2023 жылға қарағанда 5,3 % - ға немесе 21,7 трлн теңгеге
төмендеді.
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 33,2 % - ға
5 578,10 тармаққа дейін өсті.
- Акциялар нарығын капиталдандыру бір жылда 23,0 % - ға 32,9 трлн
теңгеге дейін өсті.
- KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 1,6 % - ға
13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
- 2024 жылы листинг процедурасынан 32 жаңа эмитенттің бағалы
қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, екеуі KASE Global
секторында, 29 корпоративтік облигациялар секторында.
- 2025 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 758 атаудағы 262 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы
қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және
туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі іс-шараларға
шолуды қамтитын толық ақпарат KASE бапсасөз мәлімдемесінде ұсынылған.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_Itogi_2024_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_Itogi_2024_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/en/15_01_2025_Itogi_2024_eng.pdf
[2025-01-16]