KZ
RU
EN
15 қыркүйек 2026, 01:19
KZ
RU
EN
Кіру
15.01.2025 16:23 #Сауда-саттық ақпараты

15 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00012578 (MFBLb4) облигацияларын өтеуге кірістілігі жылдық 20,98 %-бен орналастырып, 202,8 млн теңге тартты

/KASE, 15.01.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00012578 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb4; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 05.12.24 – 05.12.26; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттықтың нәтижелері келтірілген.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болды.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

-------------------------------------------------- ---------
Қатысушылар саны:                                  1
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),      1 / 1
оның ішінде:
– шектелімді:                                      1 / 1
– нарықтық:                                        0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:             202,8
оның ішінде:
– шетелімді:                                       202,8
– нарықтық:                                        0,0
Ұсынымға сұраным:                                  99,1 %
Берілген  өтінімдер бойынша "таза" бағасы,         100,0000
номиналдан % (барлық/ белсенді):
Берілген өтінімдер бойынша кірістілігі, жылдық %   20,9800
(барлық/ белсенді):
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

---------------------------------------------------- -------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,              198 176
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:          202 800 106,7
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                   1
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:      1
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,                 99,1
жоспардан %:
Берілген өтінімдер бойынша "таза" бағасы,            100,0000
номиналдан:
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, 20,9800
жылдық %:
------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

-------------------------------------------- -----------------
Жазылым күні:                                15.01.25
Өтеуге дейінгі мерзім:                       1,9 жыл (680 күн)
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге:      200 000 000
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 10:00–13:00
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            15.01.25, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 15.01.25, 15:00
--------------------------------------------------------------

[2025-01-15]