/KASE, 15.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2025 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен 2025 жылдың 15 қаңтарынан
бастап қолданысқа енгізілетін "Орталық контрагенттің қатысуымен
бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу тәртібі" (Тәртіп) атты KASE ішкі
құжатына № 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
KASE Tabadul dIgital Exchange Hub цифрлық биржалық хабына қосылуына
байланысты түзетулер енгізілді.
Жаңартылған Тәртіптің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме
бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" –
"Бағалы қағаздар" қалташасы).
[2025-01-15]