KZ
1 шілде 2025, 06:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.01.2025 18:27 #Сауда-саттық ақпараты

14 қаңтар күні Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 39,2 млн МЕУКАМ KZKD00001095 (MUM096_0011) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,69 %-бен орналастырды

/KASE, 14.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 қаңтарында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясының (орналастыру және қосымша орналастыру бойынша) төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) өткенін хабарлайды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні:                            14.01.25                     
Өтеуге дейін мерзімі:                         3,8 жыл (1 363 күн)          
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000,0                     
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға                  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтық сұранысқа қарай     
дәрежесі,%:                                   0-ден 100-ге дейін           
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                        
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:00–12:00                  
Өтінімдерді растау уақыты:                    09:00–12:00                  
Кесімдеу күні және уақыты:                    14.01.25, 15:00              
Төлеу күні:                                   16.01.25                     
Қарсылама шектелімді өтінімдерді              қарсылама өтінімдердің       
қанағатандыру тәсілі:                         көлеміне пропорционалды      
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімдеу бағасына тең немесе 
                                              сатушы үшін ұтымдырақ болатын
                                              қарсылама шектелімді         
                                              өтінімдердің бағасы бойынша  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    орташа сараланған баға       
                                              бойынша                      
---------------------------------------------------------------------------

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент мамандандырылған сауда-саттық шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларды 15 000,0 млн теңге сомасына қосымша орналастыруды жоспарлады. KASE сауда-клирингілік жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталған кезде белсенді өтінімдердің болмауына байланысты қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда- саттық өткізілмеді деп танылды.

---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                          
-------------------------------------------------- ------------------------
Қатысушылар саны:                                  11                      
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),        40 / 33                 
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                      38 / 31                 
– нарықтық:                                        2 / 2                   
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,             81 514,6                
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                      80 714,6                
– нарықтық:                                        800,0                   
Сұранымға өтінім:                                  175,9 %                 
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,номиналдан % (барлығы / белсенді):  
– минималды                                        89,2575                 
– максималды                                       91,0840                 
– орташа сараланған                                90,3905 / 90,3886       
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):      
– минималды                                        13,6000                 
– максималды                                       14,3000                 
– орташа сараланған                                13,8633 / 13,8640       
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары          
  растаған өтінімдер.                                                       

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне 88,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,0 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 9,8 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 39 190 470      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:     36 502 529 204,8
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                 16              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:    6               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:  78,4            
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 44,6            
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:        
– минималды                                        90,4258         
– максималды                                       91,0840         
– орташа сараланған                                90,8438         
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,жылдық %:      
– минималды                                        13,6000         
– максималды                                       13,8500         
– орташа сараланған                                13,6909         
-------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 76,5 % – банктер, 1,6 % – басқа институционалдық инвесторлар, 21,9 % – өзге заңды тұлғалар сатып алды.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ KZKD00001095 (MUM096_0011) толық көлемі номиналды құны 245 205 449 000 теңге болатын 245 205 449 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-01-14]